Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда қамыс қайта өртенді

Бүгін Атырауда  09:12 сағатта Дамбы селосынан 30 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында, «Ақжайық» МТР аумағында қамыс жануы орын алды. 

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қамыс жануының көлемі 85  га құрады. 

«80 га көлемінде жану Төтенше жағдайлар департаментінің және Ақжайық МТР қызметкерлерінің күштерімен сөндірілді. Қазіргі уақытта 5 га көлемінде жану Атырау облысы ТЖД 10 қызметкер мен 2 бірлік техника және Ақжайық МТР 30 адам, 9 бірлік техника, 2 қайық, 4 мотопомпамен қазіргі уақытта жануды жою жұмыстары жүргізілуде.  Желдің екпінінің қатты болуына  байланысты қамысты жануын сөндіру қиындық тудыруда. Елді мекенге таралу қаупі жоқ», — деп мәлімдеді облыстық ТЖД.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button