
Жаңалықтар
Атырауды түтін басты: Өрт ошағы анықталмай жатыр
Бүгін Атырау қаласының аумағында түтін иісінің шығуына байланысты әуеден барлау жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт ошақтарын анықтау мақсатында «Казавиақұтқару» АҚ МИ-874 тікұшағы жұмылдырылды.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған комиссия мүшелері аэровизуалды зерделеу жұмыстарын жүргізуде.
Белгілі болғандай, Атырау қаласынан 70 шақырым жерде 3 жану ошағы анықталды. Нақты қай ауданның территориясы екені анықталуда.