Атырауда қайырымдылық жарысы өтті (+ВИДЕО)
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Атырау гарнизонының әскери қызметшілері 3, 10, 21 және 42 шақырымдардағы жаппай қайырымдылық жарыстарына қатысты.
2020 жылғы «Atyrau Marathon» қайырымдылық жүгірісі Атырау облысындағы ең ірі спорттық іс-шараға айналуы керек еді. Алайда карантиндік шектеулерге байланысты шара онлайн режимінде өтті. Дәстүрлі түрде оған көптеген әскери қызметкерлер қатысатын, ал биылғы жылы да олар өздерін белсенді көрсете білді.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы дене шынықтыру қызметінің бастығы майор Медет Құлыбеков бастаған бір топ ынталы жүгірушілер бір айдың ішінде барлық төрт қашықтықты жүріп өтіп, 10 шақырымдық стартпен жаппай жүгірудің күзгі маусымын жапты.
«Біздің жарыстарға барлық кезеңдерде 50-ге дейін әскери қызметшілер қатысып отырды. Біз ең қысқа 3 шақырым қашықтықтан бастадық, содан кейін «Atyrau Marathon» қайырымдылық жүгірісінің 10, 21 және 42 шақырымдық қашықтықтарын жүгірдік. Бүгін біз «Run and be happy» атты бөлек 10 шақырымдық стартқа қатыстық. Біздің арамызда жүлдегерлер мен алдыңғы жарыстардың жеңімпаздары атанған әскери қызметшілер көп. Бүгінгі жарыстың өзінде біздің әскери қызметшілер үздік үштіктің қатарында көрінді», — дейді майор Медет Құлыбеков.
Жүгірістердеің мақсаты — салауатты өмір салтын қалыптастыру ғана емес, қайырымдылық жобасы аясында көмек көрсету. Сондықтан, гарнизонның әскери қызметшілері ігі және денсаулыққа пайдалы істерді біріктіре отыра, бірде бір бастаманы жіберіп алмауға тырысады.
«Атырау гарнизонының баспасөз қызметі»