whatsapp image 2020 02 06 at 08.53.35 2

Атырауда оқушыларды мектеп жасынан мамандыққа баулитын хаб орталығы құрылды

Білім Жаңалықтар

Atr.kz/6 ақпан, 2020 жыл.  Атырауда алғаш рет ірі жоғары оқу орындары болашақ ұрпаққа сапалы білім беру жолында    ауқымды  мәселелерді шешу үшін бас қосты.


С.Өтебаев атындағы мұнай және газ және  Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеттері мен «Apec petrotechnic» жоғарғы колледжі, сондай-ақ, білім басқармасы  «West HUB» деп аталатын төрт жақты келісім шартқа қол қойды. Ынтымақтастық білім беру сапасын мектептен бастап,  жоғары оқу орындарына дейін жақсартуға негіз болуы тиіс.


– Президентіміз  «Қуатты Қазақстан – қуатты  өңір» деп айтқандай, ауылдағы, қаладағы  білім сапасын көтеруді алға тартқан еді.  Бүгінгі білім беру хабын құрудағы басты мақсат – студенттерді жоғары оқу орнына түсуге даярлау.  Білімді түлектер басқа облыстағы жоғары оқу орындарына кетпеу үшін,  өңірімізде алып қалу көзделіп отыр. Біздің басты мақсатымыз – саланы тиісті құзіреттілігі бар мамандармен қамтамасыз ету, яғни жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес кадрлар даярлау.

Біздің алдымызда мектептерге көмектесу міндеті тұр. Біз мамандарды мектептен бастап дайындауымыз керек. Біздер  математика пәндерінен бағдарламалар жасап жатырмыз. Алдағы уақытта  химия мен физикаға назар аударғымыз келіп отыр.

Бұл пәндер біздің университет беретін техникалық мамандықтарды игеруде шешуші рөл атқарады. Төрт жақты келісімшарт арқылы өңірдегі барлық білім ордаларының жұмысы қарқынды жүреді деп есептеймін.  Бір жылдан кейін біз бірлескен ынтымақтастықтың алғашқы нәтижелерін көреміз деп сенеміз, дейді С.Өтебаев атындағы мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова.


Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Саламат Идрисов бұл университеттердің жұмысын үйлестіру үшін қажет екенін атап өтті.
-Бұл келісімшарт арқылы  біздер ортақ байланыс жасап, бірлесіп жұмыстар атқаратын боламыз. Яғни,  ғалымдармен алмасу, сонымен қатар шетелден ғалымдарды бірлесіп шақыртуға жол ашады. Өңірдегі мектептердің, колледждердің және жоғарғы оқу орындарының білім беру сапасын жоғарғы деңгейге көтеруге себеп болады.

«West HUB» деп аталатын келісім-шарт облыс аумағында орналасқан мектептердегі  білім сапасын көтеріп, ғылыми немесе әдістемелік бағытта   жоғарғы оқу орындарына   көмектесу үшін  бағытталып отыр. Аудандағы және  ауылдағы мектептерге арнайы топтар құрылып, жұмыстар жасауға толық мүмкіндіктер қарастырылған. Сол себепті, біздер ауылдағы мектептерге әдістемелік, ғылыми бағытта көмек көрсетуге әзірміз, – дейді  Саламат Идрисов.


Атырау облысының білім сапасын көтеруге бағытталып отырған бұл келісімшарт мектеп қабырғасындағы оқушылардың талғампаздылығы мен білім деңгейін арттыру үшінде пайдалы  болмақ.

Жоғарғы оқу орындарының мүмкіндігін пайдалана отырып, мектептегі математика, физика және химия пәндерінен оқушылардың  білімін арттыру жоспарланып  отыр. 
-Алдағы уақытта ашық есік күндері ұйымдастырылады. Оқушылар жоғарғы оқу орындарынының  барлық мүмкіншілігімен  танысып, ғылыми жұмыстармен айналысуға қандай  мүмкіндік қарастырылғандығы туралы біліп, бағыт бағдар беруге өзіндік септігін тигізеді.  Бұл  ортақ келісімшарт мектеп мұғалімдері үшін де пайдалы зор болады.

Болашақта мұғалімдерге өздерінің пән білімдерін арттыруда жоғарғы

оқу орындары арқылы көмек беру жоспарлануда.

Бүгінгі «West HUB» өзінің бірлескен үлкен жұмыс күшін береді деп ойлаймын. Мектеп, орта білім және жоғарғы оқу орындарының біріне-бірі үндестігі, облыстағы білім сапасын көтеруде бұл үздіксіз процеске айналуы керек, – дейді Атырау облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова.

Мөлдір ҚҰБАЕВА,

Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ-нің 5 курс студенті

whatsapp image 2020 02 06 at 08.53.34
whatsapp image 2020 02 06 at 08.53.35 1
whatsapp image 2020 02 06 at 08.53.35

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған