Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда қабірлерге арналған жаңа жер бекітілді

Жаңадан бекітілген жерде зираттар енді бірізділікпен салынатын болады. Атырау қалалық әкімдігі бекіткен жаңа зират орындарының бірі Атырау қаласы маңындағы Қызылбалық ауылында орналасқан.

Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы айтып берді.

img 20221128 wa0008 1024x703 1

«Тумақ бар жерде, өлмек бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының зираттарда бірізділікті қалыптастыру мақсатында қабылдаған арнайы құжаты бар. Ондағы мақсат – зираттарды шариғат талаптарына сай біріздендіру.

4 1669613979

Өйткені, қазіргі қауымдарға қарасақ, марқұмды құбылаға қаратып жерлеу тәртібінің аса сақталмағанын көруге болады. Әрі бейіттердің орналасу реті сақтала бермейді. Дұрысында қабірдің көлемі, екі зираттың арасындағы қашықтық сынды қарапайым дүниелердің де өзіндік тәртібі бар. Тазалық, зираттың, құлпытастың мейілінше қарапайым болуы жайы өз алдына бөлек мәселе. Сондықтан, біз зират қазарда жақын маңдағы мешіттің дін қызметкерін шақыртып алуды да ұсынып отырмыз» деді облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button