Атырауда екі жыл бұрын жоғалған азамат табылды

photo 185362 Жаңалықтар

Atr.kz/2 қыркүйек, 2020 жыл. Жақында Атырау облысы Қызылқоға ауданы  полицейлері екі жылға жуық бұрын үйінен шығып кетіп,  іздеуде жүрген азаматты тауып, әкесімен табыстырды.

2019 жылдың 22 казан күні Қызылкоға ауданы Полиция бөліміне Жасқайрат ауылының тұрғыны 1950 жылы туған азамат шағымданып, 1979 жылы туған ұлының, 2019 жылғы қантарда   үйден шығып, кетіп, күні бүгінге лейін оралмағандығы жөнінде айтты. Алғашында ата-ана ұлдары » өзі келіп қалар» деп күткен, бірақ 9 ай бойы  ешқандай  хабар болмаған соң, аудан  полиция бөліміне  арызданыпты.

Арыз түскен бойда полиция қызметкерлері жан-жақты іздестіру шараларын бастайды. Облысты айтпағанда, республиканың  барлық  облыс, қалаларына іздеу хаттары жіберіліп, іс-шаралар ұйымдастырылғанмен нәтижесі болмайды.

Бірақ, аудан полицейлері іздестіру жұмыстарын жалғастыра береді.Облыс Полиция Департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиев жедел кеңестерде із-түзсіз жоғалғандарды анықтап, тауып, ағайын-туыстарына тапсыру бойынша атқарылған іс-шараларға тоқталып,  орындалуын  өзінің бақылауына алған болатын.

Қызылқоғалық азаматтың  анықталмағаны туралы еліміздің барлық облыстарындағы Полиция органдарынан жауаптар келіп жатты. Қызылқоға аудандық ПБ    жедел уәкілі іс сапармен  көршілес Ақтөбе облысына шығып, іздеудегі азаматты аудан аумақтарынан, алыс шалғайдағы елді мекендерге барды.

Нәтижесінде, хабарсыз кеткен азамат  Мұғалжар ауданының Қайыңды елді мекенінде далалықта мал бағып жүрген жерінен табылды.

Азаматтың айтуынша, ақша табу мақсатында, 2019 жылы қаңтар айында үй ішіндегілер не ескертпестен, Ақтөбеге бағыт алып кеткенін,  одан әрі   танысын жолықтырып, сол арқылы даллықта мал бақташысы болып қалғанын айтты.

Тәртіп сақшысының неліктен туыстарымен хабарласпағаны туралы сұрағына, ұялы телефонын жоғалтып алып, ал туыстарының нөмірлерін ұмытып қалғанын айтты. 

Жасы бүгінде 41-ге толған азамат осы кезге  дейін үйіне хабарласпау себебін, мал баққанынан тапқан  ақшаны  жинап  болып туған үйіне  қайтамын деп ойлағанын  уақыттың зымырап өтіп жатқанын «байқамағанын», өзін ешкім күштеп ұстамағанын айтты.

Ұлының аман табылғанына қуанған зейнеткер  қария аудан полицейлеріне толқи тұрып алғысын жеткізді.

«ПД баспасөз қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз