Жаңалықтар
Атырауда “Қазпошта” филиалында өрт шықты
Атырау қаласындағы Томарлы ауылында орналасқан «Қазпошта» АҚ филиалынан өрт шықты. Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары шұғыл жетіп, ғимараттың төбе жабындысының өртеніп жатқанын анықтады.
Аталған департаменттің қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, бүгін, 8 қазан күні орын алған өрт сағат 09:39-да оқшауланып, 09:47-де толықтай сөндірілді. Оқиға барысында зардап шеккендер жоқ.
“Тілсіз жауды” сөндіруге 15 құтқарушы, 3 техника және жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Сала қызметкерлері төтенше жағдайлардың алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін қаперлейді.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ