Сарбаздар сақадай сай (+ФОТО)

IMG 20190607 WA0037 Жаңалықтар

Atr.kz/3 шілде, 2019 жыл. Жазғы оқу кезеңінің басталысымен барлық санаттағы әскери қызметшілер функционалдық міндеттерін, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, оларды пайдалану тәртібін зерделеуді қамтитын мамандық бойынша дайындықты аяқтады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде мамандық бойынша дайындық бөлімше командирлері мен сержанттарының басшылық етуімен жүргізілді. Сабақтарды сапалы өткізу үшін оқу топтары құрылды және жан-жақты дайындалған әскери қызметшілер санынан нұсқаушылар анықталды.

«Мамандық бойынша даярлықтың басты мақсаты – жеке құрамға өзінің лауазымдық міндеттеріне тиісті білімді беру, штаттық қару-жарағы мен әскери техникасын оқу және атыс қаруын қалыпты ұрыс жағдайына келтіруді үйрену болып табылады. Бүгінгі күні жалпы саны 3000-ға жуық жауынгерлер 160 оқу топтары бойынша, 400-ден аса тәжірбелі сержанттардың жетекшілігімен тәлім алды» – дейді өңірлік қолбасшылықтың әскерлері қолбасшысы, полковник Нұрлан Алдияров.

Оқу барысында жеке құрамның қару мен жауынгерлік техниканы іс жүзінде қолдануына, штаттық байланыс құралдарында жұмыс жасай білулері мен алғашқы медициналық көмек көрсетуге көңіл бөлінді.

Ендігі кезекте әскери қызметшілер бөлімшелердің даярлығына кірісіп кетті.

Рүстем ИГІСІНОВ,

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі, капитан.

IMG 20190607 WA0014
IMG 20190607 WA0018
IMG 20190607 WA0019
IMG 20190607 WA0020
IMG 20190607 WA0021
IMG 20190607 WA0038
IMG 20190608 WA0006
IMG 20190608 WA0009
IMG 20190608 WA0011
IMG 20190608 WA0013
IMG 20190608 WA0021
IMG 20190608 WA0022
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Тилек

    Биз али сол 60 жылдагы карыу жане согыс онери 20 сыншы гасырда журген тариздимиз