ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – ОРТАҚ ПАРЫЗ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық әскери-патриот­тық орталықта болды, деп хабарлады Прези­дент­тің баспасөз қызметі.

 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының ежелгі заманнан бүгінге дейінгі әскери дәстүрі мен мәдениетінің даму тарихын таныстыратын сирек әрі бірегей экспонаттар қойылған Әскери-тарихи музейдің экспозицияларын аралап көрді.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Жас Ұлан» респуб­ли­калық мектебінің оқушыларымен кездесті. «Жас Ұлан» – Қазақстан Қарулы Күштерінің болашақ жауынгерлері екенін атап өткен ел Президенті курсанттардың оқуда үздік болуына тілектестік білдірді. Мемлекет басшысы Отанды бала кезден сүйіп, ата-бабаларымыз сияқты қорғауға және сақтауға дайын болу керектігін атап айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы орталықтың Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Ғимаратта ел тарихындағы тұңғыш Әскери-тарихи музеймен қатар, концерт залы, уақытша көрмелер залы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қор­ғаныс министрлігінің Орталық оркестрі мен Орталық ансамблі орналасатын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз