Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда пәтер алуға көмектесемін деп 2 млн теңге жымқырған алаяқ ұсталды

Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданының 29 жастағы тұрғыны өзінің алаяққа алданғаны туралы арыз түсірген.

Ол 3 бөлмелі пәтер алып беремін деген 38 жастағы азаматшаның сөзіне сеніп, 2 млн теңге қаражатын берген. Нәтижесінде пәтер алмай, ақшасын қайтара алмаған жәбірленуші өзінің алаяқтың торына түскенін аңғарған.
Аталған дерек бойынша Атырау қалалық ПБ-мен ҚР ҚК-тің 190-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Іс бойынша жүргізілген жедел-тергеу амалдарының нәтижесімен осы қылмысты жасады деген күдікпен 1982ж.т. азаматша анықталып, ұсталды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

Айта кетейік, Атырау облысы полиция департаменті алаяқтық фактілерінің алдын алу мақсатында жеке құжаттарыңыз бен бағалы мүліктеріңізді, қаражатыңызды қорғауда қырағы болу қажет екендігін ескертеді!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button