ЖаңалықтарҚоғам
Атырауда пандустары талапқай сай келмейтін нысандар жоспарланған
Atr.kz/3 наурыз, 2020 жыл. Жуырда атыраулық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасамаған 8әлеуметтік нысанның құрылысын жоспарлау деректерін анықтады.
Айталық, Өрлеу» балабақшасының жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша пандус ұзындығы — 7,4 метр, биіктігі – 0,9 метр деп көрсетілген. Алайда, заңға сәйкес, оның ұзындығы – 10,8 метрден кем болмауы тиіс. Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, анықталған 8 нысанның жобалау сметалық құжаттамасы заңға сәйкес келтіріліп, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары қорғалды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.
Айбөпе САБЫРОВА