Антикор Жылыой ауданында жер қатынастары саласындағы көптеген құқық бұзушылықтар туралы айтты

e4726cfc 8001 43fe 94ca 8a89bc6dfe4a Жаңалықтар

Бұл туралы Департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин Жылыой ауданының активімен кездесу барысында хабарлады.

Департамент 1 тоқсанда жер учаскелерін бизнеске бөлу және олардың қолжетімділігі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, сондай-ақ бизнес объектілеріне инфрақұрылымды жеткізу (желілерге қосылу) жөніндегі мәселелерге сыртқы талдау жүргізді.

Талдау барысында аудандық жер комиссиясымен жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініштерді негізсіз қарау фактілері анықталды.

Тек 2020-2022 жылдары ғана Жылыой аудандық жер комиссиясы 27 кәсіпкердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертті.

Мұндай тәжірибе тек Жылыой ауданында орын алды.Заң талаптарына сәйкес комиссияменмнысаналы мақсатын өзгерту көзделмеген.

Бұдан басқа, жер учаскелерінің көлемін кеңейтуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгіленді.

Мысалы, Жылыой ауданы әкімдігінің қаулысымен кәсіпкерге бұрын пайдалануда болған жер учаскесіне қосымша 8,0 га (0,0152 га) заңсыз берілген. Бұл ретте қосымша берілген жер учаскесі негізгі жер учаскесінен 500 есе артық. Сондай-ақ, осы кәсіпкерге берілген жер учаскесі бірнеше бөлікке бөлінген. Бұл өз кезегінде заңға қайшы келеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігін көрсетеді.

Сонымен қатар, талдаумен Жылыой ауданының жергілікті атқарушы органдарының лауазымды тұлғалары «Теңіз» вахталық кентіндегі жер учаскелерін аукцион арқылы сауда-саттыққа қоймау бөлігінде кәсіпкерлер үшін жасанды әкімшілік кедергілер жасағаны анықталды.

Айта кетейік, өткен жылы Департамент Жылыой ауданында мектеп салу кезінде орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы бюджет қаражатын жымқыру қаупін белгілеген болатын.

Жүргізілген аудиторлық тексерістің қорытындысына сәйкес орындалмаған жөндеу жұмыстарының сомасы 20 260 159 теңгені құрады.

Көрсетілген мән-жайлар басшылық тарапынан қызметкерлердің жұмысына ведомстволық бақылаудың тиісінше орындалмағаны туралы куәландырады.

Сонымен қатар, Жылыой ауданының лауазымды тұлғаларының қызметтік жағдайын пайдалану фактілерін атап өту қажет.

Мәселен, ағымдағы жылдың 27 наурызында Жылыой аудандық сотының үкімімен «Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппараты «ММ» Қосшағыл ауылының Мәдениет үйі» КМҚК меңгерушісі сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін  сотталды.

Сотталушының кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты 5 жылға дейін жазасын өтеуді кейінге қалдыра отырып, 3,6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Іс материалдарына сәйкес, мәдениет үйінің меңгерушісі өзінің қызметтік жағдайын пайдаланумен ұштасқан қылмыстық ойдың нәтижесінде ұйымда нақты еңбек қызметін жүзеге асырмай, жұбайы мен қызының техникалық персоналын заңсыз аудару және ресми жұмысқа орналастыру жолымен еңбекақы төлеуге бөлінген 1,1 млн теңгеден астам мөлшерде залал келтірді.

Жұмыс сапары барысында «Бизнеске жол» жобасын іске асыру аясында кәсіпкерлердің қатысуымен диалог алаңы өткізілді.

«Бүгінгі таңда қабылданып жатқан шаралар бизнестің сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттерге қарсы иммунитетін арттыруға алып келуі тиіс. Өз кезегінде әрбір кәсіпкер өз бизнесін адал жүргізіп, оның ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс», – деп атап өтті Нұрлан Жахин.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз