Жарнама
ЖаңалықтарБілім

Канадалық профессор атыраулық ұстаздармен тәжірибе бөлісті

III Халықаралық педагогикалық форумы педагогикалық білім беруді жаңғыртудың үрдістері мен ерекшеліктерін талқылауға арналды.

                 Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өткен онлайн форматтағы форумда педагогика ғылымдарының кандидаты Өтепқалиева Қансұлу Мұсақызы: «Университетте жұмысын бастағалы отырған III халықаралық форумда өз саласының кәсіби мамандарын көргеніме қуаныштымын. Бүгінде білім беру саласы, оның педагогика ғылымы әлем бойынша қиындықтарға кезігіп отыр. Жоғары педагогикалық білімнің барлық игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы инновациялық жетістіктерін бірге дамыту аса маңызды. Форум жұмысы елдің, қоғамның болашағына қызмет ететін білім берудің үздік заманауи моделін дамытуға арналған бірегей шара деп білемін. Өткен жылы елдің барлық педагогтарына серпін берген «Педагог мәртебесі» туралы заң қабылданды. Бұл заң педагогтарды қолдаумен қатар, білім саласы қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктейді» деді.

         Форумға Канада, Ресей елдерінің ғалымдары, профессорларымен қатар, еліміздің ғылым докторлары мен кандидаттары, ұлттық және халықаралық тәжірибені кәсіби қауымдастықпен бірге талқылау, білім саласы қызметкерлерінің кәсіби және жеке байланыстарын құру және нығайту, білім берудің келешектегі ғылыми бағыттары мен технологиялары бойынша ұсыныстар беру жөнінде айтты.

          Саймон Фрейзер атындағы университетінің (Канада) доценті, профессор Роберт Уильямсон: «1871 жылы Канада да жалпыға міндетті білім беру басталды. Бұл мектептер ақ нәсілді оқушыларға ғана ашық болды, сабақ француз немесе ағылшын тілдерінде жүргізілді, мектептер христиандардың діни дәстүрлеріне негізделген. Бұл мектептердің мақсаты канадалық жастарды еңбекке дайындау болды.

       Қара нәсілді және христиан дінінен өзге оқушы өкілдер оқшауланған және деңгейі төменгі мектептерде оқыған. Нәсілшілдікке бөлінген мектеп 1983 жылы жабылды.

       Мүмкіндігі шектеулі балалар мемлекеттік білім беру жүйесінен мүлдем алынып тасталды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру Канадада 1960 жылдардың ортасында пайда болды және АҚШ-тағы нәсілдік теңдік пен білім беру интеграциясының талаптарымен сәйкес келді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары балаларына білім алуға қол жеткізуді талап ете бастады. Осыған байланысты 1970 жылдардың аяғынан бастап Канада үкіметі мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді міндетіне алды.

          Мұғалімдердің білімін жаңарту туралы пікір алысу барысында қызықты әрі жағымды әсер алдым. Атырау университетіне осы форумға қатысуға шақырғаны үшін, инклюзивті білім беру және оның дамуы туралы келелі диалог жүргізуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіремін» деді.

          Жиынға қатысушылар, білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін үнемі жетілдіріп, білім беруді корпоративті басқару оның проблемалары мен тенденцияларын, тиімділігін назарда ұстауға басымдық беру ойларын ортаға салды.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button