Алматыдағы 28-ші қысқы Универсиаданың дүбірі алғашқы күннен-ақ үдей түсті.

УнИверсиада 1 Жаңалықтар

Жарыстардың беташарын хоккейшілер ашып, алғашқы күні «А» тобындағы Қазақстан құрамасы Қытай командасына еш мүмкіндік бермей, 22:0 есебімен ойсырата ұтты. Сол күні Қытай құрамасының әйелдер командасы канадалықтардан да ірі есеп – 9:1-мен жеңілді. Ал, қазақ спортшылары ұлыбританиялықтардың қақпасына бірден 11 шайба соғып, қарсыластарын сан соқтырып кетті. Осы кездесуде Арай Шегебаева, Бұлбұл Қартанбаева мен Карина Фельзинк хет-трик орнатып, ерекше көзге түскенін айта кету керек.

УнИверсиада 1

Ал, Қазақстан қоржынына алғашқы медальды шаңғышы Анна Шевченко салды. Бес шақырымдық классикалық стильдегі шаңғы жарысында жерлесіміз мәреге үшінші болып жетіп, қола жүлде жеңіп алды.  Универсиаданың екінші күні қазақстандық спортшылар тағы екі медальды еншіледі.  Қыздар арасында фристайл-акробатикадан жарыс жолына шыққан жерлесіміз Жібек Арапбаева 60-84 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Ал, 60-48 ұпай жинаған жерлесіміз Жанбота Алдабергеноваға қола медаль бұйырды. Бас жүлдені қытайлық Чжу Иньинь қанжығасына байлады.

Айгүл Ертілеу

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз