Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда отбасыны қолдау орталығы ашылды

Atr.kz/29 шілде, 2019 жыл. Атырауда Отбасыны ресурстық қолдау орталығы ашылды.

Бұл туралы Атырау облысының отбасылық соттары жанындағы Отбасыны ресурстық қолдау орталығының таныстырылымы барысында белгілі болды. Жаңашылдық Дағдарыс орталықтары одағының «Бақытты отбасы» және ҚР Жоғарғы сотының «Отбасылық сот» пилоттық жобалары аясында жүзеге асырылған. Орталықтың таныстырылымына Атырау облысы соттарының «Отбасылық сот» пилоттық жобасы бойынша үйлестіруші судьялары мен қызметкерлері қатысты.

Бұл орталықтың негізгі мақсаты — отбасы құндылықтарын нығайту, тұрмыстағы проблемаларды ерте анықтау, тұрғындарға психологиялық, құқықтық, педагогикалық және басқа да консультативтік-әдістемелік көмек көрсету. Мұнда психолог, заңгер, әлеуметтік қызметкерлердің көмегін тегін алуға болады.

Жобаның үйлестірушілерінің айтуынша, орталықта 7 маманға дейін қызмет көрсетеді, олар отбасын құруға немесе некені бұзуға ниетті азаматтарға психологиялық, медициналық, әлеуметтік, заңгерлік көмектер көрсетеді.

Айта кеткен жөн, соңғы жылдары Қазақстанда бөлек отбасылық сот құру мәселесі қаралуда, оған неке және отбасы мәселелері – ажырасу, балалары бар жағдайда мүлікті бөлу және т.б. жатады. Отбасыны ресурстық қолдау орталығы Атыраудағы Құрманғазы көшесінің бойында 8а ғимаратта орналасқан. Аптасына бес күн сағат 09.00-18.00 аралығында қызмет көрсетеді. Мамандардың қабылдауы мен кеңестер беруі тегін.

  • Сондай-ақ кеңесті тәулік бойына 150 және +7 708 106 0810 телефондарына соғу арқылы алуға болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button