Атырауда орын алған атыстың мән-жайы белгілі болды

20160809113153 Жаңалықтар

Бұл оқиға түнгі сағат бір шамасында Жылыой ауданы Майкөмген ауылының маңында болған. Полиция қызметкерлері тоқтатпақ болған «УАЗ 390945-441» көлігінің  жүргізушісі заңды талаптарға бағынбайды. 

Қуып келе жатқан полиция қызметкерлерінің  «Нива» көлігіне қашқын көліктің жолаушыларының бірі  оқ атады.  Тәртіп сақшылары табельдік қарудан алдымен аспанға қарай ауаға, содан кейін дөңгелектерге бір рет ескерту ретінде оқ атқаннан кейін  ғана «УАЗ » тоқтатылды.

Нәтижесінде оқиға орнында , Маңғыстау облысының  Боранқұл ауылының 1995 жылы туған тұрғыны күдікті  ер адам ұсталды. Одан 16 калибрлі «ИЖ» маркалы тіркелмеген аңшылық мылтық тәркіленді.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат тергеу изоляторына қамауға алынды.

«Атырау облысы полиция департаментінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз