
Атырауда орталық жүзу бассейні күрделі жөндеуден соң іске қосылды
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов күрделі жөндеуден өткен орталық жүзу бассейнің ашылуына қатысты.
Енді мұнда 2000-ға жуық жасөспірім су спортымен тегін шұғылданатын болады.
2012 жылы пайдалануға берілген нысан «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның демеушілік қаржысына салынған болатын. Халықаралық стандартқа сай салынған жүзу бассейнінің көлемі 50/25 метр.
2018 жылдан бері облыстық «Спорттың су түрлері клубы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы. Бүгінгі күні мемлекеттік тапсырыс негізінде 609 бала Орталық жүзу бассейнінде тегін спортпен айналысуда.

Суда жүзу, су добы, суға секіру, қазіргі заманғы бессайыс секілді секциялар жұмыс жасап жатыр.
Бассейнде көп балалы, толық емес отбасы балаларына арналған жеңілдіктер қарастырылған.


Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ