Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда оқу-өндірістік полигонның іргетасы қаланды

Мұнайлы өлкеде маңызды қадам жасалып, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті оқу үдерісін толықтай оқу полигонында өткізу бастамасын қолға алды. Бұл жоба – еліміздің мұнай-газ саласына қажетті білікті мамандарды даярлау ісінде тың серпін.

Салтанатты рәсімге облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова, аталған университет ректоры Гүлзада Шакуликова және оқу орнының Индустриалды комитет мүшелері мен студенттер қатысты.

Салтанатты іс-шара аясында оқу полигонының алғашқы іргетасы қаланып, болашақ ұрпаққа арнап уақыт капсуласы салынды. Бұл капсула – кейінгі ұрпақты ортақ тарихқа құрметпен қарауға үндейтін символ.

Басқосу барысында Гүлзада Шакуликова полигоның маңыздылығына айрықша тоқталды.
–Полигонда студенттер заманауи технологиялармен жұмыс істеуді үйреніп, кәсіби дағдыларын дамыта алады. Бұл – Қазақстандағы техникалық жоғары оқу орындары арасында теңдессіз өндірістік тәжірибе алаңы болады. Алаңда жер қойнауын барлаудан бастап мұнай өнімдерін өндіруге дейінгі өндірістік үдерістер қамтылады, – деді Г.Шакуликова.

Басқосуда полигонның өндіріс саласындағы рөлі туралы да айтылды.
–Алаңда озық үлгідегі зертханалар мен инновациялық шешімдерді тестілеу алаңдары бар, бұл студенттерге нақты өндірістік міндеттерді шешуге мүмкіндік береді, – деді Р.Тастамағамбетова.

Университеттің «алтын серіктесі» саналатын «Ембімұнайгаз» АҚ бұл жобаның жүзеге асуына қолдау көрсетіп, өңірде бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға ықпал етуде.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Related Articles

One Comment

  1. ⚜Индустриялық-инновациялық полигон өте қажет, себебі жас буынға білім саласында тәжірибесін нақты алып, өз ісінің шебері болу жолы ! Құт-тық-тай-мын!
    Тамаша қадам!!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button