Атырауда оңалту орталығында 18 жасқа дейінгі ерекше балалар қоғамға бейімделіп жатыр
Атырау облыстық балалар оңалту орталығы – Атырау облысындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға кешенді медициналық, педагогикалық-психологиялық көмек көрсететін бірден-бір арнайы оңалту мекемесі.
2000 жылы ашылған орталық оңалтумен қатар 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеумен де айналысады. Орталықта 15 оқу бөлмесі бар. Мультимедиялық, Эдуквест, Эдуплэй қондырғылары бар логопед, дефектолог, психолог, кабинеттері, Монтессори, сенсорлы бөлмелер – ерекше балалардың қабілетін ұштап, білім алуға мүмкіндік туғызатын жаңа ғасырдың инновациялық туындылары.
Біз барған кезде екінші қабаттағы массажбен емдеу кабинетінде Атырау медициналық колледжінің түлегі Шырын Шекенованың қабылдауында 5 жастағы Гүлсезім Ризабекқызы бар екен. Ол балада тіл мүкістігі болғандықтан, д ə р і г е р д і ң т а ғ а й ы н д а у ы м е н тыныштандыратын массаж алып жүрген көрінеді. Ал, қарама-қарсы бөлмеде медбике Қырмызы Төлегенова 15 жастағы Оразгүл Пернебайқызына қол жаттығуларын жасатып жатты.
Оразгүлдің диагнозы – балалардың церебральді сал ауруы. «Күншуақ» балалар тобы 7-9 жас аралығындағы бүлдіршіндерді қамтиды. Топтағы 10 бала тəрбиешілердің көмегімен жаттығу жасап, ойын ойнап, сабақ оқуда. Бұл жерде жұмыс жасайтын педагогикалық қызметкерлер оқыту мен тəрбиелеудің əлемдік тəжірибеден өткен заманауи арнайы бағдарламалары мен əдістерін негізге ала отырып, білім мен тəрбиені педагогикалықпсихологиялық көмекпен ұштастыруда.
Негізгі мақсаты – дене бітімі мен ақылойы, тіл дамуында бұзылыстары бар балаларды оңалту, психологиялықпедагогикалық түзету, арнайы білім беру, өмірге бейімделуін қамтамасыз ету. Невролог, педиатр дəрігерлердің кеңесімен медициналық оңалту түрлері, яғни, ем-дəрілік терапия, физиоемдеу, гидроемдеу (сумен), стоматологиялық көмек, емдік дене шынықтыру, массаж жүргізіледі. «Пандемия кезінде оңалту мекемесі жабық тұрды.
Бүгінде санитарлықгигиеналық тазалық ережелерін орындап, балаларды қабылдап отырмыз. Кіреберісте баланың да, ата-ананың да дене қызуы өлшеніп, антисептикпен қолдарын жуғаннан кейін ішке кіруге рұқсат етіледі. Аяққа киетін арнайы медициналық аяқ киім, бетперде беріледі. Топтағы балалар бір-бірінен арақашықтық талабына сай, алшақ отырады.
Орталықтың материалдық техникалық базасы жақсы деңгейде. Балалардың дамуын жетілдіру, ұсақ қол моторикасын дағдыландыру, сөйлеу тілін дамыту, өзара қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында, төрт дефектолог, логопед, екі Монтессори кабинеті, əлеуметтік өмірге бейімдеу бөлмесі, лекотека, ЛФК бөлмесі қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді», — деді орталықтың директоры, коррекция саласының маманы дефектолог Бибігүл Жұмалиева.
Ал, психологиялық-педагогикалық т ү з е т у б ө л і м і н і ң м е ң г е р у ш і с і , дефектолог Мария Бердімұратова «Əр баланы командалық бағалаудан өткізген соң, диагнозы мен қабілетіне қарай арнайы жеке даму бағдарламасы құрылады. Сабақ кестесіне сай логопед, педагог-дефектолог, педагог-психолог, музыкалық ритмика, компьютер мамандарының сабақтары жеке, шағын топ жəне барлығының қатысуымен өткізіледі. Оқу-тəрбие үдерісінде жаңа технологиямен өткізілетін ойын, ертеңгіліктер, арттерапия, ертегітерапия, музыкатерапияда балалардың жас жəне даму ерекшеліктері ескеріледі» деп, бұл жердегі жұмыстың ерекшелігіне тоқталды.
Т ү з е т е — д а м ы ту ш ы л ы қ ү рд і с і «Денсаулық», «Əлеумет», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық» білім көздері арқылы жүзеге асырылады. Аталған оңалту мекемесіне келетін балалардың барлығында əртүрлі дəрежеде тіл кемістігі бар. Сондықтан, п е д а г о г — п с и х о л о г т а р , л о г о п е д , дефектологтар балалардың ауызша жəне жазбаша сөздік қорын арнайы бағдарлама арқылы түзетуге арналған « Д э л ь ф а — 1 4 2 . 1 » л о г о п е д и я л ы қ тренажерын, «Эдуплей», «Эдукэй» мультимедиалық тренажерлары, В.Фроловтың «Тыныс алу тренажеры», «ЭдуКвест» арнайы қондырғыларын сабақта үнемі қолданатын көрінеді. Соның нəтиже сінде əр баланың танымдық қызығушылығы, ойөрісі, сөйлеу қабілеті дамып, үлкен жетістіктерге жетіп жүргендерін айтады орталықтағы дефектолог, логопедтер А с ы л а й Р ы с б а е в а , Ж а н а р г ү л Жəрдемова. Соңғы уақытта елде аутизмге шалдыққан балалардың саны күрт
ө с к е н і б а й қ а л а д ы . О р т а л ы қ қ а да осындай аутист, өте қозғалғыш, гипербелсенді балалар көптеп келуде. Мұндай психикалық-эмоционалдық ауытқуға ұшыраған бүлдіршіндер үшін жүйкені тыныштандыратын с е н с о р л ы қ б ө л м е н і ң м а ң ы з ы ерекше. «Орталықтағы педагогтар шығармашылық еңбектерін ізденіспен көрсетуде.
Оқу-тəрбие үдерісіндегі жаңалықтармен танысып, өз жұмысында қолдану үшін маман-педагогтарымыз бен тəрбиешілерімізді облыстық, республикалық біліктілікті арттыру институты мен ғылыми-практикалық педагогикалық орталықтағы білім жетілдіру курстарынан тұрақты өткізіп отырмыз. Педагогтар облыс деңгейіндегі педагогикалық оқулар мен «Үздік маман» конкурстарында жүлделі орындардан көрінуі осының дəлелі» деп мақтанышпен айтады директор Бибігүл Жұмалиева. «Күнделікті жүргізілетін түзетедамыту жұмысының нəтижесінде б а р л ы қ б а л а л а р д ы ң д а м у ы н д а көптеген өзгерістер болады.
Ата анамен бірге біз де бала үшін қатты қуанамыз. Мысалы, 4 жастан асқан Санжардың диагнозы: Даун синдромы, балалар сал ауруы (ДЦП). Баламен жүргізілген түзету жұмысы нəтижесінде Монтессори бөлмесіне келгенде қарапайым нұсқауларды түсініп орындай бастады. Өз атына көңіл аударды, сəлемдесу, қоштасу ишаратын жасады, алғашқыда зейін қоймай, қызығушылығы болмаған, кейіннен көптеген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
Мысалы: күнделікті өмір жаттығулары тапсырмалары қолын, мұрнын салфеткамен сүрту, ойыншықты сөреге жинау дағдысын меңгерді. Сенсорлық аймақ тапсырмаларынан кесеге қасық таңдау, оларды көлеміне қарай орналастыру, сəйкес саңылауларға сақиналарды салу т.с.с дағдыларды меңгерді. Баланың дамуы мен тəрбие проблемасын шешуде отбасымен серіктестік қатынастар да жақсы əсерін тигізді» деп, Монтессори мұғалімі Райхан Бұхарова аз уақыт ішіндегі оң нəтижелерін атап айтты.
Ерекше балалардың ерекше көзқарасты талап ететіні рас. Ата-анаға да, балаларға да педагогикалық-психологиялық көмек қажет екені анық. Оңалту орталығының қызметкерлері осындай үлкен міндетті лайықты атқарып жүргенінің куәсі болдық.
Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА