Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда облыстық жас ақындар айтысы өтті

Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының ұйымдастыруымен, аудан әкімдігінің қолдауымен «Жастар жырлайды…» облыстық жас ақындар айтысы өтті.

Сүбелі сөз өнерімен сусындататын жыр додасына 11 жас ақын қатысты. Облыстағы жастардың моральдік ахуалын жөнге келтіріп, кейінгі буын өкілдеріне бір-біріне деген құрмет пен сыйластығын білдіру, қара өлеңнің құдыретін арттыратын азаматтар мен айтыстағы жаңа есімдерді табу мақсатында өткен дода жеребе арқылы қарсыласын тану бойынша ерекшеленді.

Бағы мен бабы келіскен ақындарға айтыстың ардагері Жайғали Өтеуғали, республикалық ақындар айтысының жүлдегері, айтыстың ардагері Ғани Мүтиғолла, республикалық ақындар айтысының жүлдегері, «Асыл домбыра» иегері Шынарбек Қабиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын Дидар Қамиев, республикалық ақындар айтысының жүлдегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Саадат Нұрманов, республикалық ақындар айтысының жүлдегері, журналист Серікбол Панабердиевтер төрелік етті.

Аузымен құс тістеген кіл жүйріктер жыр жүйрігі атанған жалынды ақын Зәкария Сағындықұлын, Тобанияз Әлниязұлы, Құныскерей Қожахметұлы, Әзен ана секілді ақтаңдақтар мен мәдениет пен өнер саласындағы ұйымдастырушылық қабілет, татулық пен бірлік, ауданның тарих таразысындағы жеткен жетістіктерін айтып, бірінен бірі озды.

Аудан жұртшылығын жырмен сусындататын айтыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Қанат Әзмұханов қатысып, ақындарға сәттілік тіледі.

Халықты жырмен сусындатқан айтыстың қорытындысында қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Ернұр Салауатұлы, бірінші орынды Өнербек Дәулекенов, екінші орынды Бимырза Әбілқайыр, Амангелді Панабердиев, үшінші орынды Нұрбейбіт Нұғманов, Әнуарбек Садықов иеленіп, ақшалай сыйақы мен дипломдармен марапатталды. Ал өзге де қатысушыларға алғыс хаттар мен ақшалай сыйақы берілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button