Атырауда облыс әкімінің грантына екі күнде 180 үміткер құжат тапсырды

64d1c0f11241a991383584 Жаңалықтар

Атырауда облыс әкімінің грантына құжат қабылдау жүріп жатыр. 14 тамызда басталған грантқа құжат тапсыру мүмкіндігін 1, 2, 3 курс студенттері де пайдалана алады.

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев айтты.

«Қазіргі уақытта түрлі мамандықтарға облыс әкімінің 295  гранты қарастырылып отыр.Осылайша,ағылшын тіліне – 31, дене тәрбиесіне – 43, ландшафт – 4, театр – 4, психология – 19, медицина – 72, экология – 4, теология – 2, жылу энергетикасы саласына -1 үміткер құжат тапсырды», – деп жазды облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев телеграм парақшасында.

Айта кетейік, құжат қабылдау 18 тамызға дейін жалғасады. Гранттарға құжаттарды Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне тапсыра аласыздар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз