ЖаңалықтарСаясат

Атырауда «Nur Otan» съезінің делегаттары сайланды

Бүгін «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының Саяси кеңесі мәжілісі өтті.

Облыс әкімі, партияның облыстық филиалы төрағасы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен жиында 28 қаңтарда өтетін партияның кезектен тыс XXI Съезіне Атырау облысынан делегаттар сайланды.

«Өздеріңізге белгілі, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI Съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Аталған съезді елдегі орын алған карантиндік шектеу шараларына орай онлайн форматта өткізу жоспарлануда. Бүгінгі мәжілісте жиналуымыздың басты міндеті – партия съезіне Атырау облысынан делегаттарды сайлау» деді жиын төрағасы.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейірім Қалауи партияның орталық аппараты бекіткен талапқа сәйкес жасақталған тізіммен таныстырды.

Саяси кеңес мәжілісіне қатысушылардың дауыс беруі нәтижесінде 16 делегаттан тұратын тізім бекітілді. Олардың қатарында партияның облыстық филиалы төрағасы, партияның саяси кеңес мүшелері, облыстық, қалалық және аудандық партия филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесі – «Nur Otan» партиясы орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшесі, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі, «Jas Otan» жастар қанаты Атырау облыстық филилалының төрағасы бар. 

Гүлжан ӘМІРОВА

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button