Жаңаөзен қаласы Атырау облысына жұмысшылар мен техникаларды жөнелтті

screenshot 20240410 132205 whatsapp 2 Жаңалықтар

Атырау облысында су тасқынына қарсы күреске көмек көрсету үшін Жаңаөзеннен арнайы құрылған бригада Құлсарыға аттанды. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы хабарлады.

-Құлсары қаласында болған су тасқынының салдарын жою мақсатында Жаңаөзен әкімдігінің қолдауымен Құлсарыға арнайы техникамен жабдықталған көмек көрсету бригадасы шықты,-деп хабарлайды Қоғамдық коммуникациялар орталығы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бригада құрамында 60 маман, Құлсарыға 30 техника жеткізілді.
Арнайы техниканы қамтамасыз еткен ұйымдар қатарында – «Өзенмұнайгаз», «KazPetroDrilling», «Бұрғылау», «МұнайФилдСервис», «ӨзенМұнайСервис», «ҚазГӨЗ», «Кен-Құрылыс Сервис», «Өзенжылу», «Өзенинвест», «Өзенэнергосервис» компаниялары бар.

Қалалық мәслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер мен еріктілер де өз үлестерін қосты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз