Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырауда NCOC қызметкерінен коронавирус табылды

Аtr.kz/17 маусым, 2020 жыл. Аталған компанияның «Вест Ойл» базасындағы қызметкерлерінің бірі қауіпті індетті жұқтырған.

«NCOC аутсорсинг нысандарының бірінде жұмыс істейтін компания қызметкерінен COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсеткенін растаймыз. Бұл нысан өндірістік алаңдар мен компания кеңселерінен қашықта орналасқан. Қызметкер хаттамаға сәйкес оқшауланды. Жақын байланыста болған адамдардың барлығы дереу анықталды. Олардың барлығы ПТР сынамасынан өтеді. Бұл қызметкер өндірістік немесе кеңсе қызметкерлерімен байланыста болмаған. Біз жағдайды мұқият қадағалап отырмыз», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау қалалық әкімдігінің қызметкері коронавирус жұқтырды.

«ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button