20190701223538

Атырауда мыңнан астам тұрғын түнгі марафонда жүгірді (+ФОТО)

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/3 шілде, 2019 жыл. Бүгінгі күні бұқара халықтың спортқа ден қоюы белең алуда. Оның дәлелі  осы көпшіліктің сұранысына ие мыңдаған адам бір уақытта бәсекеге түсетін жарыстар көптеп  өткізілуде.  Өткен аптада оның кезектісі – «NIGHT RASE – 2019» түнгі марафон сайысы болып, оған тағы да мыңнан астам атыраулық қатысты.

Осымен екінші рет өткізіліп тұрған бұл желаяқтар жарысының  биылғы бастау алар жері  Әбілқайыр даңғылының бойындағы мұз айдыны сарайының  маңы болды. Күн ұясына кіргенде 4,5 шақырымдық жарысқа жүгіруге ниет білдіргендерге неон білезіктер таратылып, түн қараңғысы түсісімен жаңағы білезіктің әсерінен жұлдыздай жарқыраған қалың топқа жарысты бастау пәрмені берілді. Осы  сәтте даңғыл бойында  үздіксіз дүбір мен жылжыған жарқыл орнады. Сәлден соң жаңағы топтанған жарқыл ұзына бойы шұбатылып, даңғыл бойын жауып кетті.

Марафоншылар жүгіру барысында жолдың бір бағытымен бойлай келе Лесная көшесімен қиылысар тұстан даңғылдың қарсы бағыттық бөлігімен кері оралып, жарыс бастау алған  тұстағы мәре сызығынан өтіп жатты. Жарыс қорытындысында қалың топтың ішінен алдыңғы келген бес ер, бес әйелге арнайы медаль мен сыйлық табысталды. 

20190701223525
AL1
20190701223633

– Соңғы үш жылда мұнайлы астанамызда марафон жиі  ұйымдастырыла бастады. Бұл қуантарлық жағдай. Осындай көпшілікпен бірге атқарылатын жарыстарға қатысу, оны көру арқылы адамда салауатты өмір сүруге деген талпыныс пайда бола бастайды. Өз басым қаламызда осыған дейін өткізілген бірнеше  марафонға қатыстым. Байқап жүрмін, жұртшылықтың жүгіруге деген қызығушылығы жылдан-жылға артып келеді. Жарысты өткізушілердің   де біраз тәжірибе жинақтағандары көрініп тұр. Бәрі әдемі, бәрі жинақы өтуде. Осындай, жарыстарымыз көп болсын,  – деді  атыраулық марафоншы Алмас Жәрдемов.

Жарысты ұйымдастырушылар іс-шара соңында түнгі марафонға қатысушылар арасынан  «ең креативті» және «ең жарқыраған киім» киген тұрғынды  таңдап, осылайша,  «хоккейші», «покемон» және «солдат» кейпінде киініп келген атыраулықтар үздік деп танылды. Оларға сыйлықтар табысталды. Бұл жарыс енді жуырда өтетін «Эко марафон» жарысына ұласпақ.

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған