Ануар Сариев Португалияда жеңіске жетті

327981108 1312772456236752 4013741004269309570 n Жаңалықтар

Португалияның Алмада қаласында басталған пара-дзюдодан Гран-При турнирінде 60 келі салмақ дәрежесінде күрескен Ануар Сариев алтын жүлдеге ие болды.

Жерлесіміз Корея, Испания және Грузия елдерінің өкілдерінен басым түсті. Финалда грузин балуаны Нукримен 11минут белдесіп, тартысты белдесуде жеңіске жетті.

Токио 2020 Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ануар Сариев ұзақ уақыттан кейін татамиге оралып, Гран-При жарысында топ жарды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз