ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҰЛЫҚТАЛДЫ

screenshot 30 1 Жаңалықтар

Бүгін Республика күніне орай, алғаш рет мемлекеттік қызметшілер арасында ұлттық спорт түрі – Садақ атудан ашық турнир басталды.

screenshot 27 2
screenshot 29

Шараның ашылу салтанатында:

– Іс-шараның негізгі мақсаты – аталған мерекені өз дәрежесінде атап өту, мемлекеттік қызметшілер арасында ұлттық ойындарды жандандыру арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру және салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, – деген Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ерлан Ермаханбетов сайыс мергендеріне сəттілік тіледі.

screenshot 32 1
screenshot 31 1

Тартысты өткен додаға мемлекеттік органдардан 13 команда, жалпы алғанда 40-қа жуық қатысушы (құрамы 2-ер, 1-әйел) белсене атсалысады. Қатысушылар 10-15 метр қашықтыққа нысананы көздеп, финалда мемлекеттік қызметшілер арнайы жасақталған нысананы атудан жарысады. Сайыста оқ бойы озғандар арнайы марапатталады. Ал, үздік ойын көрсеткен 2 ойыншы «Үздік жебе» номинациясына ие болады.

Майра ЕРҒАЛИ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз