Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыЭкономика

Атырауда мұқтаж жандарға 72 пәтерлік үй берілді

Бүгін Атырауда «Береке» ықшамауданындағы 72 пәтерлік №42 үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Каспийское кадровое ассоциация мекемесі» салған баспана бұл жолы үш әлеуметтік санат бойынша берілуде. Атап айтқанда, 27 көпбалалы, 28 аз қамтылған отбасы мен 17 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың үлесіне тиіп отыр. бір және екі бөлмелі пәтерлердің іші кең, ал, бастысы – жанға жайлы.

Айта кету керек, бұл үй сатып алу құқынсыз берілгендіктен, ай сайын мемлекетке жалдау ақысы төленеді.

Бес жылдан бері армандап келген баспанаға қолы жеткен Дамира Ерғалиева небәрі 35 жаста болса да, бір ұл мен төрт қызы өсіріп отырған жайы бар. Көпбалалы ананың қуанышында шек жоқ. Ол өз кезегінде біз арқылы облыс әкіміне зор ризашылығын білдіріп жатты.

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Related Articles

One Comment

  1. Мен жалғызбасты анамын(жолдасым қайтқан). Менің алды артым алыпжатыр маған әлі жоқ. Жауапты жерге барсам құжаттарымды жаңартайын (обновление жасайын номерім ауысты ) десем «АктивЦентрдан» өзіміз аламыз ондай жоқ дейді. Кім отырады активЦентрге бврып мына адамның номерін беріңізші ауысып кетіпті деп‍♀️Ойға қонымсыз жауап

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button