«ШАҢЫРАҚ» БАЛАЛАРЫ ЖЕЛЕЗНОВОДСКІДЕ ДЕМАЛАДЫ

56g«Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері жыл сайын жазғы демалыстарын түрлі демалыс орындарында өткізіп келеді. Биыл да оқуын тәмамдаған оқушылардың алғашқы легі Ресейдің Железноводск қаласына үш ай жазғы демалыстарын өткізуге жүріп кетті.

 

Алты және он бір жас аралығындағы жеті тәрбиеленуші бұл жолы демалыс орнына ұшақпен ұшып бармақ. Үш ай бойына балалардың қасында болатын тәрбиеші Жаңыл Жұмағалиқызының айтуынша, жыл сайын оқушылар пойызбен шаршап әрең жететін еді. Биыл облыс басшыларының тапсырмасымен арнайы ұшаққа билет алып беріліп отыр. Ол үшін облыс басшылығына ризашылығымыз шексіз. Ал, балалардың жүздеріндегі шат күлкі, өздеріне жасалып жатқан қамқорлықты, жылулықты кішкентай болса да жан-жүректерімен сезінетінін жеткізді.
Аталған балалар үйінде тәрбиеленетін қырық сегіз тәрбиеленуші үш ай бойына жазғы уақыттарын тиімді өткізумен қатар, емдеу курстарынан да өтеді.
Маусым айының 23-і күні үш пен он алты жас аралығындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері екінші кезең бойынша аталған демалыс орнына жол жүреді.

Нұргүл НАСЫР,
Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз