74214597 922042238178260 3211251222203858944 n

Мекен-жай анықтамасы қолданыстан шығады

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/22 қазан, 2019 жыл. Ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алынып яғни, қолданыстан жойылатын болады.

Осыған байланысты, қызмет алушылардың назарына мекен-жай анықтамасын алуға жүгінудің ал, қызмет берушілерге мекен-жай анықтамасын талап етудің қажеті жоқ екендігін хабарлаймыз!

Егер азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша қандай мекен-жайда тіркеулі тұрғанын білгісі келген жағдайда www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталының жеке кабинеті арқылы қарауға мүмкіндігі бар болса, ал қызмет көрсетуші органдар келген ызмет алушының тұрғылықты мекен-жайын өздерінің ақпараттық жүйелері арқылы қарауға толық мүмкіндіктері бар.

Atr-Ақпарат

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған