Атырауда мұнай-газ саласындағы стартап-жобалар байқауы өтті
Халықаралық виртуалды көрме және VOGEC 2020 онлайн конференциясы (vogec.online) аясында мұнай-газ саласындағы стартап-жобалар байқауының финалы өтті.
Шара Атырау Energy Challenge, Инновация орталығы және Atyrau HUB халықаралық акселераторы «Petrocouncil» ғылыми-өндірістік бірлестігі, сонымен қатар «APEC PetroTechnic» жоғары колледжі бірлесіп, Атырау облысы әкімдігінің «Атамекен» ҰКП және Astana Hub қолдауымен ұйымдастырылды.
Байқаудың бас демеушілері ірі қазақстандық – Norsec Delta Projects, Ayacom, IQ Solutions ІТ-компаниялары.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавл, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, сондай-ақ Бішкектен (Қырғызстан) барлығы 145 өтінім жиналды. Олардың ішінде 29 команда салалық сарапшылармен тәлімгерлік сессияларына қатысу үшін алдын-ала таңдалды.
Бір апта бойы тәжірибелі тәлімгерлермен жүргізілген қарқынды жұмыстардан кейін жартылай финалға ең үздік шешімдері бар 11 топ шықты.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Digital Hunters (Нұр-Сұлтан) командасы жеңіп алды. Команданың құрамында Тюмень мемлекеттік университеті, Назарбаев Университеті, Астана IT Университеті және Дуйсбург-Эссен Университетінің студенттері бар. Екінші орынды Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің It’s aqyl командасы (Алматы мен Атырау қаласының құрама командасы), ал үшінші орынды ҚБТУ студенттері — Young Innovators командасы (Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан) иеленді. Жарыстың жүлде қоры 2 миллион теңгені құрады.
Естеріңізге сала кетейік, Atyrau Energy Challenge байқауы VOGEC 2020 көрмесі аясында өтті. Мұнда мұнай-газ және мұнай кен компаниялары, жеткізушілер, IT компаниялар , Қазақстан, Ресей және шетелдердің мамандандырылған ірі жоғары оқу орындарының өкілдері жиналды.
— Биыл біз ең өнімді форматты жасадық. Бір жарым аптаның ішінде мықты сарапшылардың тәлімгерлік қолдауымен стартаптар шешімдер идеяларын құрудан нақты бизнес модельдерін құруға дейін ұзақ жолдан өтті, ал кейбіреулері прототиптер жасай алды. Кезең ішінде біз әр команданың жетістігін мұқият бақылап отырдық. Біз серіктестермен жүлде қоры қатысушылардың жобаларын дамытуға алғашқы инвестиция ретінде қызмет еткенін қалаймыз. Кейбір командалар біздің Атырау HUB халықаралық акселераторына шақыру алды, – деді Атырау HUB директоры Юлия Ким.