«Сасықсайдың» сарқынды суы апаттық жағдай туғызуы мүмкін!

foto 1132 Жаңалықтар

Atr. kz / 15 – ақпан. Жайықтағы балыққа  табиғи және антропогендік факторлардың  әсері мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың, көлік шаруашылығының Жайықты қорғауға салғырт қарауы, басқа да құзырлы мекемелердің бұған әрекетсіздігі өзенге апаттық       ластану қаупін төндіріп тұр.

Біріншіден,  Атырау қаласының жер қыртысы, топырағы – ежелгі теңіздердің түбі немесе қайта түзілген тау жыныстарының үйінділері, яғни, құмды-сазды шөгінділерден – құмайттан, саздақтан, саз қабаттары бар құмнан тұрады, әрі бүкіл ылғалды өзіне сіңіріп алады. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың ластанған апаттық-технологиялық және әлеуметтік-тұрмыстық  ғимараттардан шығатын кәріз сулары жер асты суларының деңгейін үнемі толықтырып тұрады.

foto 1132

Қазіргі кезде жерасты сулары 20-30  см. тереңдікте,ал, кей жерлерде жер бетіне шығып жатыр.  Ғимараттар мен құрылыстар ұдайы шөгеді. Кеңес дәуіріндегі бір қабатты саман тастан салынған үйлер 1-1,5 метрдей отырып кеткен.

Екіншіден,  Атырау мұнай өңдеу зауытының сұйық қалдықтарынан Жайықтың ықтимал апаттық ластану қаупі де жоқ емес. Облыс орталығындағы экологиялық шиеленіске ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік қалдықтары, әсіресе, сарқынды лас сулар түріндегі сұйық қалдықтардың әсері көп. Шығыстан қаланың сол жағалауына қарай шектесіп жатқан «Сасықсай» («Квадрат») оңтүстік-шығыс тұндырғышы сонау 1945 жылы салынып, мұнай өңдеу зауытына тіркелді. Бастапқы жобада  тәулігіне 24 мың текше метр сұйық жинауға және буландыруға арналған тұндырғышқа қазір кәсіпорындардан күн сайын 60 мың текше метрден астам сарқынды су құйылады. Демек, сұйық қалдықтарды сақтайтын «Сасықсай» полигонын күшті улы заттар «қорымы» деуге болады. Бүгінде тұндырғышта шамамен 50-70 миллион текше метр көлемінде қатты ластанған сұйық қалдықтар жинақталған.

1949 жылдан 1973 жылға дейін тұндырғыш  аумағы 5 есеге, 1973 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін тағы 3-3,5 есеге өсті. Тұндырғыш-буландырғыш негізінен солтүстік, оңтүстік және шығыс бағытқа кеңейеді. Қазір оның аумағы 50 шаршы километрден асады.

Мұфтах ДИАРОВ,

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының  академигі.

Толық нұсқасы «Атырау» газетінің №12 санында

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз