Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда мемлекеттік Ту көтерілді

Республика күні Мемлекеттік Әнұран шырқалып, Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, мұнайлы мекен тұрғындары мен қонақтарын ұлттық мерекемен құттықтады.

e1d624c9 7f73 4654 b84c 31da2709f058

-Бүгін Қазақстанның бар түкпірінде еркіндіктің жалауындай осынау қуанышты күн тойланып жатыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен араға ұзақ жылдар салып қайта оралған бұл күннің өз тарихи мәні зор.
Ел еркіндігін алған отыз жылдан астам уақыт ішінде ана тіліміз, төл тарихымыз, әлеуметтік-саяси-экономикалық және рухани құндылықтарымыз қайта тұғырына мінді. Жалпақ әлемге «Мен қазақпын» деп жар салған кешегі Жұбан ақындардың жыр жолдарындағыдай жарқын дәуір орнады. Келешек ұрпақтың алдағы күндерге апаратын басты мұрасы, бабалар арманы — Тәуелсіздік. Сол азаттықты сақтау үшін, халықтың сенімін нығайту үшін ең басты фактор — бейбітшілік пен келісім. Кез келген ұлы идеялар бейбіт кезеңде жүзеге асады.
Атырау өлкесі батырлар мен ақындардың, күйшілердің атамекені азаттық жылдары айрықша жаңғырды. Өздеріңіз білесіздер, асты мен үсті бірдей қазынаға толы мұнайлы өлкеміздің осыдан отыз жыл бұрынғы келбеті қандай еді? Қазір қандай? Дүние бір күнде өзгермейді. Халқымыз «Қырық жылда қазан жаңа, елу жылда ел жаңа» деген сөзді тегін айтпаған. Осы жылдар ішінде біз ел ретінде үлкен даму сатыларынан өттік. Экономикада, мәдениетте, спортта алуан биіктерді бағындырдық. Жаһан алдында өзіңді мойындатудың жалғыз жолы — білім мен ғылым екенін Президентіміз баса айтып отыр. Жастарымыз ғылымның соңғы жетістіктерін меңгерсе — қуаныш, ал сол білімін туған Отанының пайдасына жаратса — ол мақтаныш.
Бүгінгідей мерекелер, ұлттық атаулы даталар патриоттық сезімдерді қалыптастырады, өткеніңмен қауыштырады.
Ардақты жерлестер! Республика күні құтты болсын! — деген Серік Шәпкенов бейбітшілік пен береке-бірлік тіледі.
Шара барысында облыстың көркемөнерпаздары Атырау жұртына мерекелік ән-шашуларын арнады.

19f97711 3302 431b 98fe 4f656f1f8ae6
3dbc7ee6 98e1 4963 b11e 3ec26d1770f4
f7537f02 86f1 4de2 a9ce 7d02fff8d0bb
b9af6ab3 680f 487c 8942 85a31bae79ba
307cedf7 fbf0 4d94 92e7 7a339b9aa2d9
6bc34040 4dd6 4629 a80a e6a70fae08c6 1

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button