АЙҚЫН МАҚСАТ ЖОЛЫМЕН

Жаңалықтар

 Аталмыш колледж оқытушысы А.Сатығалиева «Стратегия – қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты тәжірибелік істер бағдарламасы» деп атап  өтсе,  Р.Ахметова  инновациялық индустрияландыру  трендін түзеу және күшейте түсу маңызды екенін айтады. Ал, Г.Қабылова инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің,  энергетиканың  қарқынды дамуын қамтамасыз етудің қажеттігіне тоқталды. 

–  Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Экономикамызда шағын және  орта  бизнестің  үлесі  артқан сайын  Қазақстанның  дамуы да орнықты бола түсуде. Бізде шағын және орта бизнестің 800 мыңнан астам субъектісі бар, онда 2,4 миллионнан астам қазақстандық еңбек етеді. Бұл сектордағы өнім көлемі төрт жылда 1,6 есе өсті және 8,3 млрд. теңгені құрап отыр. Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының берік экономикалық негізі. Оны дамыту үшін жекеменшік институтын заңнамалық  тұрғыда  нығайтатын кешенді шешімдер қажет. Елбасы бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керектігін атап өтті, – деп жалғады сөзін оқытушы Қ.Матжанова. 

«Дөңгелек үстел» барысында өзге де оқытушылар сөз алып, «Елбасының басты мақсаты – еліміздің 2050 жылға қарай әлемдегі ең  дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі. Біздің жетістіктеріміз бен дамудың қазақстандық үлгісі жаңа саяси бағыттың негізі болуы тиіс. Біз дамыған экономикасы мен жалпыға ортақ еңбек мүмкіншіліктері бар күшті мемлекет негізіндегі берекелі қоғам құруға тиіспіз» деген ойларын ортаға салды. 

Шараны қорытындылаған колледж директоры Абылай Тұрсынұлы Елбасының халыққа Жолдауын басшылыққа алып, жұмыс жасайтындықтарын жеткізді. 

Шараға қатысушы ұстаздар қауымы облыстың кәсіби-техникалық    оқу   орындарының қызметкерлеріне арналған Үндеу қабылдады.  

Рита ӨТЕУҒАЛИ.

Суретті түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған