ЖаңалықтарҚұқық
АТЫРАУДА МЕКТЕП ТҰСЫНАН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ
Атырау облыстық полиция департаменті осындай хабарлама жасады.
«17 қаңтар күні сағат 10:00-де Сұлтан Бейбарыс даңғылында орналасқан №38 мектеп тұсында Kia Rio автокөлігі екінші дәрежелі жолдан шығып, басты жолда келе жатқан Газель автокөлігіне апаттық жағдай жасады. Соның салдарынан Газель жол жиегіне аударылған. Аталған дерек бойынша iс-құжаттар жинақталуда.
Атырау қаласының полиция басқармасы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілерден жол қауіпсіздігін қадағалап, ауа-райының қолайсыздығын ескеруді сұрайды.
Амандық АБДОЛ