Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда мектеп есепшісі 40 миллион теңгені өз шотына аударған

Atr.kz/20 қараша, 2019 жыл. Атырау облысының Тексеру комиссиясы Жылыой ауданының білім беру саласында аудит жүргізді.

Аудандық білім беру бөліміне қарасты 20 ұйым тексеріліп, тұтастай алғанда, 9 млрд. теңге қамтылды. Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 228 млн.теңгеден астам бұзушылықтар анықталды.

Қаржылық бұзушылықтардың  сомасы – 200 млн.теңгеден астам.

Осы шараларға жауапты, Атырау облысының тексеру комиссиясының мүшесі Асылан Құмаровтың мәліметінше, аудиторлар 16 жалпы білім беретін мектепке бөлінген републикалық трансферттердің мақсатсыз пайдаланылуын анықтап, оның сомасы 23 млн. 283 мың теңгені құраған. Соның ішінде, бухгалтерлік есепке алуға жататын мәліметтерді жасырудың 9 фактісі болған. 

—  Бір мектептің есепшісі жалақыны негізсіз төлей отырып, 2017-2019 жылдары өзінің жеке есеп-шотына 23 млн. теңге аударған. Тағы бір мектептің есепшісі осындай жағдайда осы жылдары 18 млн. теңгені жымқырған. Аталмыш фактілер бойынша жиналған материалдар шешім алу үшін құқық қорғау органдарына берілді, — деді Асылан Құмаров.

whatsapp image 2019 11 20 at 17.01.43

Бұдан басқа да қаржылық бұзушылық фактілері анықталды. Мәселен, іссапар шығындарын артық төлеу, тапсырыс берушінің жеткізушіні жосықсыз деп тану туралы сотқа уақытылы шағымданбауы, есептелген салықты төлеуден жалтару, оқу жабдықтарының пайдаланылмай тұруы және басқа да бұзушылықтар.

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы өңірдің білім беру саласына мониторинг жасап, аудит жүргізуді жалғастыруда. Басты міндет – бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button