Атырауда медициналық бетперде бағасы 15 теңге
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізген жұмыстар нәтижесінде, медициналық бетперденің бағасын 15 теңгеге дейін төмендету бойынша шаралар қабылданды.
Осы орайда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы Жәнібеков Диас Асқарұлы мен «Семейное здоровье» дәріханалар желісінің басшысы Сұңқар Мәлікұлы ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін ресми келісімге қол қойды.
Бұған дейін бір ғана медициналық бетперденің бағасы республика бойынша 150 теңгеге дейін жетсе, агенттіктің қабылдаған шараларынан кейін 20-25 теңгеге дейін төмендеген.
Енді Атырау қаласы бойынша Нұрсая, Авангард, Алмагүл ықшамаудандарында орналасқан «Семейное здоровье» дәріханасына барып, қала тұрғындарының медициналық бетпердені 15 теңгеге сатып алуға мүмкіндігі бар.
- Дәріхана басшысының айтуынша, бетперде бағасының бұлайша тұрақты болуы карантин шаралары аяқталғанша сақталады.
Алтынбек МЕРСАДЫҚ