Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Атырауда медицина мамандары марапатталды

Биылғы жылдың батырларына баланған медицина қызметкерлерін, жылдағы дәстүрден жаңылмай құттықтап, марапаттар табыстау жиыны, облыстық аурухананың мәжіліс залында кең көлемде аталып өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев: «Барша медицина қызметкерлерін, Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Сіздердің атқарып жатқан орасан еңбектеріңізге мың алғыс. Биылғы жыл, тек қана бізге емес, дүниежүзіне ауыр тиіп тұрған кезең. Пандемия жер шарын шарлап, ауыр тиюде. Осындай сын сағатта, медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбектері ерекше. Сіздерге облыс әкімі Махамбет Жолдасқалиұлының атынан алғыс білдіремін»,-деді.
«Биылғы жыл, барлығыңызға сын болды. Сыннан сүрінбей өтуге тырыстық.
Өкінішке орай, 14 әріптесімізді жоғалттық. Олардың жанұяларына үкімет тарапынан әлеуметтік көмектер көрсетілді. Отбасыларыңызбен де сирек кездесіп, науқастарға демеу болдыңыздар. Сіздерге артылған жүкті, жұмыла жүріп жеңуге атсалысқандарыңызға рахмет!»,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев.
Денсаулық сақтау саласында көп жылдар еңбек еткен Елена Папузинаның да өмірден өткені отбасына, жұбайы Вячеслав Вячеславұлына ауыр тиді.
Орнын толтыра алмаса да, өмірден озған отбасына 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.
COVID-19 пандемиясының бірінші толқынында науқастарға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, ерлік танытқан қызметкерлер ҚР Президенті Жарлығымен «Халық алғысы» төсбелгісі, облыс әкімінің «Алғыс хаты», Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Құрмет» грамотасы, «Алғыс» марапаттарымен марапатталды.
Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылдық амбулаториясының дәрігері Айнаш Абилхайрова: «Бізге артылар жүк ауыр. Халықтың да түсіністікпен қарауларын өтінеміз. Еңбегімізді елеп-ескеріп жатқан басшыларға алғыс білдіремін! Бұл «Құрмет» грамотасы бізге үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»,-деп жылы лебіз білдірді.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button