Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда маса улау жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде

Өңірде маса улау жұмыстары сәуір айында басталды.

«Қала аумағында аталған жұмысты «AG Disinfection» мердігер мекемесі атқаруда. Жалпы, маса улау үшін 23 маман және 45 техника жұмылдырылған. Мекеме қызметін қалалық әкімдік бақылауда ұстайтын болады», — деп хабаралды Атырау қалалық әкімдігі.

Компания өкілдерінің айтуынша, кестеге сәйкес, қаладағы тұрғын үй аулалары мен жертөлелері, жасыл желектер, саябақтарға дәрілеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, өткен жылға дейін бір мекеме қала мен қала маңындағы елідемекен аумағын толығымен қамтыса, биылғы жылдан бастап әр ауылдық округ маса улау жұмыстарымен өздері тікелей айналысуда.

Биыл конкурс қорытындысына сәйкес, ауылдық округтердегі жұмыстарды «FARZA Сorp» ЖШС атқаруда. Арнайы мекеме әр ауылдық округте кестеге сай жұмыс жүргізіп, тұрғындар өтініштеріне орай улау жұмыстарын жүргізуде. Өтінімдер 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қабылданады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button