
ЖаңалықтарШаһар шырайы
Атырау орталық стадионына соңғы үлгідегі көгал төселмек
Atr.kz/4 наурыз, 2019. Атырауда жасанды төсемді ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше «Мұнайшы» стадионында жасанды жабынды төсеу бойынша алдын ала жұмыстар жүріп жатыр. Жоба қызметкерлері геологиялық, геодезиялық жұмыстарды жүргізуде. Бастапқы кезеңде топырақ құрамы жан-жақты зерттеледі, содан кейін тегістеледі.
«Бұл жұмыстар біраз уақытты қажет етеді, соңғы үлгідегі жасанды жабын төсеу керек, ол асығыстықты көтермейді», -деп хабарлады Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Стадионда алдын ала құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі