Атырауда газ беру қай күндері тоқтатылады?

img top Жаңалықтар

«Қазтрансгазаймақ» акционерлік қоғамының Атырау өндірістік филиалы таратқан мәлімет бойынша, 11 мен 16 қыркүйек күндері аралығында шаһардың сол жағалауында табиғи газдың берілуі тоқтатылады.

img_top

Бұл «ИнтерГаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы «Атырау» магистралды газ құбырындағы алдын ала жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты. Анығын айтқанда, ол «Балықшы» кентінен «Маслопром» тұрғын мекеніне, Мирный поселкесінен Дамбы ауылына дейінгі аралықты қамтиды. Тасқала, Новокирпичный, Химпоселок, Подхоз, «СМП-136», «СМП-163», «Первый участок» тұрғындары үшін де солай.

Сонымен бірге, Махамбет, Азаттық және Әуезов көшелерінің тұрғындары үшін газ беру тоқтатылады. Одан бөлек, «Атырау жылу электр орталығы», «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «Атырау мұнай құбырлары басқармасы», «ҚазТрансОйл» секілді өндіріс нысандарына да газ берілмейді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз