Атырауда көпбалалы аналар марапатталды

c3fb0734 e597 4f61 a312 161f791fe9d4 Жаңалықтар

Өңірде 9 ана «Алтын алқа» және 15 ана «Күміс алқа» иегері атанды.

Марапаттау рәсімін өткізген қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов аналарды құттықтады.

341093623 770342621325862 7465203300167100165 n

«Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткізе отырып, саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Осы ретте, елдің өсіп, өркендеуіне үлес қосып отырған ардақты жандар аман болсын» – деген әкім орынбасары аяулы аналардың бала тәрбиесіндегі және қоғамдағы жоғары рөлін айрықша атап өтті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз