Атырауда көктайғаққа байланысты тұз бен топырақ себілді
Бұл туралы бізге «Арнаулы автобаза» мекемесінің басшысы Алмас Ізтілеуов айтып берді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
– Біздің мекеме жергілікті «Қазгидрометпен» келісімшарт жасасқан, соның аясында қолайсыз ауа райы туралы алдын ала ақпарат алдық. Түні бойы топырақ пен тұз араласқан арнайы ерітіндімен 3 техникамыз маңызды амақтарды өңдеп шықты. Бұлар – көпірлер мен баспалдақтар, орталық Азаттық, Сәтпаев даңғылдары мен қиылыстар. Сондай-ақ, мектептердің айналасы мен жаяу жүргіншілер жолдары да өңделді. Біз ауа райының тосын мінезін күтпей-ақ алдын ала тазалық жұмыстарын жүргіздік. Есесіне, бүгін арнайы ерітінділер өз жұмысын жасап, қазір жер бетіндегі мұзды қабықтар еріп жатыр, — деді Алмас Юмашұлы бізбен әңгімесінде.
Айта кетейік, бұл жұмыстарға барлығы 180 жол жұмысшылары мен 3 техника жұмылды. Арнаы тазалау щеткасы бар 9 трактор дайындалды, бірақ оның керегі болмай қалды.
Осы орайда, кәспіорын басшысы тұрғындардан сақтық шараларын сақтап, жүргізушілерді жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстыруға шақырады.
Фото:»Арнаулы автобаза» ЖШС