Жарнама
ЖаңалықтарБЕЙНЕЖАЗБАҚұқық

АТЫРАУДА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ӨРТЕНДІ… (+видео)

https://youtu.be/8HHFsgKMZNY

30 қаңтар күні сағат 17:30 шамасында Атырау қалалық полиция басқармасының №10 учаскелік полиция бекетінің қызметкерлері «Вокзал маңы 3» мөлтек ауданындағы көпқабатты үйінің бірінші қабатынан өрт шығып жатқанын байқаған.

 Басқарманың жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторлары полиция капитаны Жұмырғожиев Серік, полиция аға лейтенанты Игіліков Ринат, курсант Кибашев Муса пәтерге дер кезінде жетіп, өрт шыққан пәтерден ұйықтап қалған адамды аман-есен шығаруға тырысқан.

 Тәртіп сақшылары тілсіз жаудың ортасынан 30-ға жуық пәтер тұрғындарын өрттен құтқарып қалды.

Анықталғандай, аталған үйдің дәлізінен газ трубасы жарылып, өрт шыққан. 

Зардап шеккендер жоқ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button