Атырауда Билер кеңесі қоғамдық қабылдау өткізеді

1375880423.5036 Жаңалықтар

Билер кеңесінің алғашқы қабылдауы 2019 жылғы 13 ақпанда, сағат 14.00 – 17.00 аралығында Атырау қаласы, Құлманов көшесі бойындағы «Достық үйінде» өтеді.

1375880423.5036
Фото – old.el.kz

Бірлестіктің негізгі мақсаты – өңірдегі қалыптасқан ахуалды тұрақтандыру, сонымен қатар әлеуметтік, діни және өзге де дау-жанжалдарды шешуге қатысу. Сондай-ақ қазақтың дәстүрлі құқығы мен қазақ билерінің дау шешудегі бай тәжірибесін қолдану арқылы тұрғындардың арасында пайда болған дауларды шешу бағытында тәжірибелік көмек көрсету.

Айта кетелік, өткен жылы «Атырау облысының Билер кеңесі» қоғамдық бірлестігі құрылған болатын. Билер кеңесінің құрамына көпті көрген, көп жылдар бойы ел басқару ісінде абыройлы қызмет еткен қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері кіреді.

 Атырау облысы Билер кеңесінің төрағасы болып белгілі қоғам қайраткері Ғаббас Хисметуллин, кеңестің хатшысы ретінде сот жүйесінің ардагері Сәуле Байменова сайланды. Аудан орталықтарында жергілікті зиялы қауым мүшелерінен құралған Билер кеңесінің жұмыс топтары құрылды.

Толық ақпаратты 8(7122) 55-82-08 телефоны арқылы алуға болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Гульмира

    Барекелді!!!