Атырауда кинология қызметкерлері поштадағы сәлемдемелерді тексеруде

9d5a3061 90bf 418a 9f5f 2f131463c626 Жаңалықтар

18 қаңтар күні Атырау облысы Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері «Қазпочта» АҚ облыстық филиалында жөнелтуге дайын заттарға тексеру жұмыстарын жүргізді.

Мақсат – Атырау облысы аумағына тыйым салынған (есірткі) және психотроптық заттардың келуіне жол бермеу, почта жөнелтілімдерінде заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау және жолын кесу. 

«Жүргізілген профилактикалық тексеру нәтижесінде «Қазпочта» АҚ филиалында күдік тудыратын  заттар табылмады. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізіледі», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз