«Есіктен есікке» акциясы басталды

img 20201212 wa0076 Жаңалықтар

«Есіктен есікке» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы  атынан Атырау қалалық мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар Б.Шеркешбаева, И.Джанзаков, Б.Қорған, Ә.Нұрланұлы қаладағы үйлерді аралап, сайлаушылармен кездесті.

Тұрғындармен кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына қатысты түсінік беріп өтті. Оған қоса, партияның жетістіктері туралы да айтылды. Тұрғындар тарапынан аталған игі жұмыстар қолдау тауып, шараны ұйымдастырушылар мен  қатысушыларға алғыс білдірді.

Шара барысында санитарлық талаптарға сәйкес, қауіпсіздік шаралары сақталды.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Атырау қаласының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз