Жаңалықтар

Атырауда кезекте тұрғандарға 1440 пәтер беріледі

Тұрғын үйлер облыс орталығының іргесіндегі Талғайраң және Контейнерный ауылдарынан беріледі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде тұрғын үйлер биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға берілетінін мәлім етті. Барлығы 1440 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Кезекте тұрған атыраулықтар келесі жылдың сәуір-мамыр айларына дейін баспаналы болады.

«Талғайранда 24 үйдің құрылысы аяқталды, бұл 1200 пәтерді құрайды. Қазір инженерлік коммуникацияларды, атап айтқанда  – электр қуатын, суды, кәріз жүйесін жүргізіп жатырмыз. Бұл үйлерді сәуір-мамыр айларынан кешіктірмей келесі жылдың басында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, Контейнерныйда 16 қабатты 240 пәтерлік үйлердің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп отырмыз», – деді Жасұлан Бисембиев.

Айта кетейік, бүгінде Атыраудың 21 мыңнан астам тұрғыны баспана алу кезегінде тұр.

Эльмира Мықтыбаева

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button