Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда келесі жылы 5 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылады

Келесі жылы облыс көлемінде 5 675 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Оның 2102-і Ұлттық жобалар шеңберінде еңбекке тартылса, «әр 10 мың халық үшін 100 жұмыс орнын құру» көрсеткіші бойынша тағы 373 жасты орналастыру көзделген. Қалған 849 қыз-жігіт бос орындарға, ал 2 215-і мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыстарға жіберілмек. Мұның ішінде жеңілдік пайызбен несие беру мәселесі де қарастырылған. Соның негізінде 136 жастың кәсібі бастапқы капиталмен қамтылып, өз ісін ілгерілететін болады. Бұл жөнінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілхасымов хабарлады.

– Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталықтарына жұмыс сұрап 9965 жас хабарласты. Оның 49,8 пайызы қазірдің өзінде жұмыспен қамтылды. Сонымен бірге «Ұрпақтар келісім-шарты» бойынша 21 жас, ал «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 104 маман еңбек етуде. Жұмыс іздегендердің 33,6 пайызы ауылдық округтерден келгендер, — деді Еркебұлан Нұрланұлы.

Жастарға әлеуметтік қолдау шаралары да қолға алынған. Айталық, 13 770 жасқа әлеуметтік қолдау түрлері көрсетілсе, бірқатары онлайн «Skills» оқытуға жіберілді. ТШО арқылы курс оқығандар да бар. Жаңа бизнес — идеялары бар жастарды қолдау мақсатында да біраз жұмыстар жүзеге асқан. Айталық, осындай іскер қыз-жігіттердің ішінен 242 жасқа мемлекеттік грант беріліп, олар қазіргі таңда өз кәсібін жолға қойып отыр. Еркебұлан Нұрланұлының айтуынша, аталған шаралар 2021- 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде іске асырылған. Соның нәтижесінде 2022 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,4 пайызды құрады.

Ербол ҚОШАҚАНОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button