Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдер саны артып келеді

Атырауда бизнестің 25,2%-ын әйел кәсіпкерлер басқарады. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәттіғұл Сабыров мәлім етті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сәттіғұл Сабыровтың айтуынша, 2023 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша облыста 70 717 кәсіпкерлік субъект тіркелсе, оның 35 000-ын қыз-келіншектер басқарады. Сонымен қатар әйелдер мемлекеттік бағдарламаларға қатысуда да белсенді.

— 2022 жылдың қорытындысы бойынша 600 әйел кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды. Сондай-ақ, өз кәсібін ашуға ниетті 37 азаматқа 106 млн теңгеге қайтарымсыз грант ұсынылса, оның 24-і — әйелдер. Олар 30 жаңа жұмыс орнын ашты,-деді С.Сабыров.

Әйелдер басқаратын кәсіпкерлік субъектілері негізінен білім беру, денсаулық сақтау, жеңіл өнеркәсіп және т.б. салаларды дамытуда мемлекеттен қолдау алған.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Атырауда жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 22,7%-ды құрады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button